WhatsApp Image 2021 01 27 at 14.27.31

27.01.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы медицина қызметкерлерін даярлау және оқыту шеңберінде республикалық маңызы бар медициналық ұйымдардың, ұлттық ғылыми орталықтардың және Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ұйымдардың эпидемиологтары мен АИТВ мәселелері бойынша жауапты медицина қызметкерлеріне арналған онлайн-семинар өткізді. Семинардың негізгі тақырыбы Денсаулық сақтау министрлігінің АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жаңадан қабылданған бұйрықтарының талаптарымен танысу болып табылады.

WhatsApp Image 2020 11 23 at 12.38.47

2020 жылғы 16-22 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өтті.

IMG 20201118 110831 11

2020 жылдың 20 қарашасында «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен жүргізілген науқанды жалғастыру үшін Нұр-Сұлтан ЖИТС Орталығында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға арналған азық-түлік жиынтықтарын таратылуы өтті. Бұл көмек ЖИТС орталығында есепте тұрған ең мұқтаж 20 науқасқа ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2020 11 20 at 14.39.16

Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері арасында «Өнер АИТВ-ға қарсы» үздік бейнеролик байқауы өтті. Ұйымдастырушылар: Қазақ ұлттық өнер университеті, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы.

WhatsApp Image 2020 11 17 at 13.06.23

17.11.2020ж. Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанының іс-шараларының жалғасыретінде,тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттандыру ісіне белсенді қатысқан БАҚ қызметкерлерін марапаттау өтті. «Еуразия» бірінші арнасының журналисі Өтепқалиев Ержан, «BAQ.kz» ақпараттық порталының тілшісі Тілеуова Рахила және «Orda FM» радиосының жүргізушісі Төлепберген Майрақұрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.