Нұр-Сұлтан қаласы «Ақбұлақ» балалар дамыту орталығында МӘМС бойынша семинар өтті
2019 жылдың 12 желтоқсанында ЖИТС орталығының қызметкерлері «Ақбұлақ» балалар дамыту орталығының қызметкерлері арасында "МӘМС, ТМККК жаңа моделі" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде МӘМС-ті түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасуда
2019 жылдың 11 желтоқсанындаНұр-Сұлтан қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары №68 мектеп-гимназиясының қызметкерлері мен ұстаздарына МӘМС жүйесін енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
№58 қалалық мектепте МӘМС туралы түсіндіру жұмыстары
2019 жылдың 10 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қалалық №58 мектепте ЖИТС орталығының мамандары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нұр-Сұлтан қаласының № 21 орта мектебіндегі МӘМС-ті түсіндіру бойынша жұмыстар
2019 жылдың 9 желтоқсанында«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК мамандары Нұр-Сұлтан қаласының №21 орта мектебінің қызметкерлеріне ҚР-да МӘМС жүйесін енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нұр-Сұлтанда «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» науқаны өз мәресіне жетті
2019 жылдың төртінші желтоқсанында «Барыс Арена» спорт сарайында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған қорытынды акция өтті. Акция кезінде хоккей жанкүйерлері тегін және жасырын түрде АИТВ-ға инвазивті емес түрде сілекей және қан арқылы екі әдіспен экспресс-тестілеуден өтуге мүмкіндік алды, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу шаралары мен берілу жолдары жөнінде консультациялар алды.