Нұр-Сұлтан қаласының №1 және №4 қалалық емханаларындағы Ашық есік күндері
ЖИТС орталығының дәрігерлері 2019 жылдың 28-29 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласының №1 және №4 емханаларында «Нұр» және «Рауан» жастар денсаулық орталықтарының қызметкерлерімен бірлесіп Ашық есік күндерін өткізді.
№ 7 қалалық емханада акция өтті
2019 жылдың 28 қарашасында ЖИТС орталығының мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында "Шаңырақ" жастар денсаулық орталығымен бірлесіп № 7 қалалық емхананың бекітілген тұрғындары арасында "Жастар салауатты ұрпақ үшін"акциясын өткізді.
Нұр-Сұлтан қаласының №3 және № 8 емханаларындағы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясындағы ашық есік күні
2019 жылдың 27 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында ЖИТС орталығының мамандары №8 және № 3 қалалық емханалардың базасында «Сенім», «Жас Толқын» жастар денсаулық орталықтарымен бірлесіп №8 қалалық емхананың емделушілері үшін «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» атты ашық есік күнін өткізді.
«BIG Шанхай»" сауда үйіндегі акция өтті
2019 жылы 27 қарашасында "BIG Шанхай" СҮ-де Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұранымен Байқоңыр ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының мамандарымен бірлесіп акция өткізілді.
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» кең ауқымды акциясы
2019 жылдың 22 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Ханшатыр» сауда-ойын-сауық орталығында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» тақырыбында кең ауқымды акция өтті.