АИТВ-инфекциясы бойынша дәрістер жалғасын табуда
«Біз АИТВ-инфекциясымен қорқытпаймыз, біз оның жазылмайтын сырқат екендігін, оның ағзамызға қалай әсер ететінін, қалай берілетінін және инфекцияны жұқтырмау үшін не істеу керектігін түсіндіреміз», - деді қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының эпидемиолог-дәрігері Жанна Қуанышқызы Бекетова. Өңіраралық өзара іс-қимыл аясында АИТВ-инфекциясының аумақтық шекарасы жоқ эпидемиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Қосшы қаласында орналасқан орта мектептердің жоғары сынып оқушыларымен АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өтті.
Қарақалпақстан өкілдерінің Астана қаласының АИТВ орталығына сапары
2024 жылғы 4-8 қараша аралығына Қарақалпақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы өкілдерінің Астана қаласына сапары жоспарланған. Сапардың мақсаты ЮНЕЙДС «95-95-95» стратегиясының индикаторларына қол жеткізу, Астана қаласының тұрғындары арасында АИТВ-ның алдын алуға бағытталған қызметтерді кеңейту бойынша тәжірибені зерделеу.
ҚР Ұлттық Гвардиясының бөлімшесінде АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық жүмыс
Курсанттардың АИТВ инфекциясы мен тиісті алдын алу шаралары туралы ақпараттылығын арттыру мақсатында АИТВ орталығының маманы Ж.К.Бекетова ҚР Ұлттық Гвардиялық Бас қолбасшылығының және Әскери медициналық басқармасының курсанттарына дәріс өткізді.
Елордалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы «SHALQAR» радиосында қонақта
2024 жылғы 1 қарашада «SHALQAR» радиосының тікелей эфирінде өткен «Жандауа» бағдарламасында «2024 жылдың 9 айындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдай» және «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні» тақырыбында сұхбат өтті.
Астана қаласындағы 22 мектеп-гимназияда өткен педагогикалық кеңес
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес компаниясы қарсаңында Астана қаласындағы №22 мектеп-гимназияда «Балалардың диструктивті мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.