Жастар арасында АИТВ инфекциясының таралу мәселесі бойынша конференция
2024 жылғы 25 қарашада «Дұрыс жолды - адам құқықтарының жолын таңда» ұранымен ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар аясында
АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары медицина ұйымдардың жұмыскерлерімен және Жастар денсаулық орталықтарының мамандарымен бірлесіп «Жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуының өзекті мәселелері және қазіргі жағдайда олардың алдын алу» тақырыбында конференция өткізді.
Әскери қызметшілерге арналған семинар
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында №, № 30 131, 55 765, 3656 әскери бөлімдердің әскери қызметшілері үшін «Дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңда» ұранымен «АИТВ-инфекциясының алдын алу, берілу жолдары және алдын алу қағидаттары» тақырыбында семинарлар өтті.
Астана қаласындағы оқу орындарының психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған семинар-тренинг өткізді
1 желтоқсан – бүкіл әлемде жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында АИТВ орталығының мамандары Білім басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде, сондай-ақ 1 желтоқсанға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде Астана қаласындағы оқу орындарының психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг 2024 жылғы 20-21 қарашада Астана қаласының Сарыарқа және Алматы аудандары мектептерінің мамандарына арналған АИТВ орталығының базасында өтті. Іс-шарада жастар арасында АИТВ бойынша негізгі проблемалық мәселелер, сондай-ақ АИТВ алдын-алу бойынша жұмыстың заманауи әдістері қаралды. Бұл іс-шара «Шаг в будущее» қоғамдық қорының қолдауымен өтті.
Жұмыс бойынша халықтың негізгі топтарымен кездесу
2024 жылғы 22 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары мен «Human Health Institute» ҚБ-ның аутрич-жұмыскерлері жедел тестілеуді өткізе отырып, халықтың негізгі тобы арасында ақпараттық жұмысты жүргізді.
Астана қаласы № 3, 64 ҚАЖД мекемесінің арасында семинар өтті
2024 жылдың қараша айында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «дұрыс жолды – адам құқықтарының жолын таңдаңыз» ұранымен Астана қаласы бойынша ҚАЖД № 3, 64 мекемесінде жеке құрам мен қоныс колонияларында сотталғандар арасында «пенитенциарлық жүйеде АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өтті.