Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күні туралы ақпарат Астананың медиа қасбеттерде орнатылды
1 желтоқсанда Астанада ірі медиа қасбеттерде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпарат таратылды. Іс-шараның бастамашысы Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қалалық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы болды.
ТолығырақДүниежүзілік ЖИТС пен күрес күні туралы ақпарат Астананың медиа қасбеттерде орнатылды
Өнер арқылы ақпараттандыру
2025 жылғы 2 желтоқсанда «Наз» мемлекеттік би театрында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай шығармашылық кеш өтті. Мақсаты ‒ халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, алдын алу мәдениетін дамыту және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау.
Полиция қызметкерлері арасында ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция
2025 жылғы 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Астана қаласы Полиция департаментінің «Алматы» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері арасында алдын алу акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – ақпараттандыруды арттыру және АИТВ инфекциясын ерте анықтау.
ТолығырақПолиция қызметкерлері арасында ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция
Емханада Ашық есік күні өтті
2025 жылғы 26 қарашада Астана қаласы әкімдігінің№5 Қалалық емханасында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен біргеАИТВ инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылып, жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтетін маңызды күнге арналады. Акцияның ұраны «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан-тиімді өзгерістерге» әрбір адамның денсаулығын сақтау үшін белсенді қатысуы мен қиындықтарды еңсерудің маңыздылығын көрсетеді.
Елордада өткен брифингте АИТВ-ның алдын алу және емдеу шаралары талқыланды
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған брифинг өтті. Іс-шараға Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Фарида Тулешева және АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы директорының міндетін атқарушы Денис Панченко қатысты.
ТолығырақЕлордада өткен брифингте АИТВ-ның алдын алу және емдеу шаралары талқыланды












