Астана қаласының АИТВ орталығында ҮЕҰ-мен кеңес өтті
2025 жылы 14 ақпанда Астана қаласының АИТВ орталығында «Шаг в будущее» ҚҚ, «Жизнь вопреки» ҚҚ, «Human Health Institute» ҚБ үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен ЖТМЖҚ грантын және 2024 жылға арналған Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру қорытындысы бойынша кеңес өтті.
ТолығырақАстана қаласының АИТВ орталығында ҮЕҰ-мен кеңес өтті
Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандарын АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша оқыту
2025 жылғы 13 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК-да «Экспресс-тесттерді пайдалана отырып, АИТВ-инфекциясының бар-жоғын тексеру» тақырыбында білім беретін семинар-тренинг өткізілді.
Семинарға профилактикалық, эпидемиологиялық бөлімнің, достық кабинеттерінің, емдеу-профилактикалық көмек бөлімінің, диагностикалық зертхананың мамандары қатысты.
Ведомствоаралық деңгейдегі кездесу
Жиналыста ҚАЖД мекемелерінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өзекті мәселелер талқыланды. АИТВ орталығының дәрігерлері профилактикалық жұмыстарының нәтижелері, эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-ға тестілеу туралы, сондай-ақ, Астана қаласының АИТВ орталығы және «Достық» АМСҚ орталығымен бірге диспансерлік бақылау және РҚТ тиімділігі бойынша өз-ара іс-қимылының барысы туралы баяндамалар жасады.
Аутрич қызметкерлерімен оқыту семинары өткізілді
2025 жылғы 6 ақпанда Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында АИТВ-инфекциясы және байланысқа дейінгі профилактика мәселелері бойынша аутрич-қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында АИТВ орталығының және «Human Heath Institute» қоғамдық қорының ЕЖЕ және СҚ-мен жұмыс істеу бойынша аутрич-қызметкерлерге арналған оқыту семинары өткізілді.
Медициналық кеңестің отырысы
2025 жылғы 4 ақпанда Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында өткен Медициналық кеңестің отырысында 2024 жылдың жұмыс қорытындысын шығарды. Медициналық бөлімнің басшылары негізгі көрсеткіштер, жетістіктер проблемалық мәселелер бойынша баяндамамен сөз сөйледі. Баяндамада АИТВ инфекциясының жыныстық жолмен таралу жолдары, халықтың негізгі топтары арасында алдын алу бағдарламаларын іске асыру, клиникалық бақылау мәселелері қозғалды.