Астана қаласындағы АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша формальды емес оқыту
Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған шараларды іске асыру туралы» жол картасының аясында, медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу, АИТВ-мен қатар жүретін және АИТВ-мен байланысты аурулармен өмір сүретін адамдарды енгізу, сондай-ақ стигма, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды және халықтың негізгі топтарын кемсіту мәселелері бойынша формальды емес оқыту бойынша семинар өткізілді.
ТолығырақАстана қаласындағы АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша формальды емес оқыту
Астана қаласының медициналық ұйымдарына арналған жалпы қалалық семинар
2025 жылғы 13 наурызда Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, ҚР ДСМ «Республикалық БМСК орталығы» ШЖҚ РМК базасында медицина қызметкерлеріне арналған «Медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу. АИТВ-ға тексеруге клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер. Анадан балаға берілетің алдын алу кешенінің іс-шаралары. Инвазивті араласулардағы инфекциялық қауіпсіздік» атты семинар өткізілді. Семинарға емдеу бөлімі бойынша басшылардың орынбасарлары, гинекологиялық бөлімшелердің меңгерушілері, эпидемиологтар, сондай-ақ реципиенттерді тексеру бойынша жауапты тұлғалар қатысты.
ТолығырақАстана қаласының медициналық ұйымдарына арналған жалпы қалалық семинар
Әскери колледжде АИТВ-инфекциясы туралы дәріс
2025 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің жеке құрамы мен тәрбиеленушілері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы білімін арттыру мақсатында қысқаша дәріс курсы өткізілді.
Жасөспірімдерге АИТВ-инфекциясы алдын алу туралы
2025 жылдың 3-12 наурызы аралығында Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары № № 2, 6, 24,38, 46, 54, 55, 65 жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары үшін дәрістер, семинарлар өткізді.