Баспасөз хабарлама
«Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен елордада 16-шы қарашадан 22-ші қараша аралығында ЖИТС-ке қарсы күрес күндері басталды. 2020 жылы күллі әлемге үрей туғызған CОVID-19 пандемиясы баршамызға денсаулық мәселесі басты мәселе екенін, жақынына жанашыр болуды, ынтымақтастық баршаға ортақ жауапкершілік екенін дәлелдеп берді. Сол себепті де науқан биыл «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» деген тақырыппен ел назарын аударуды жөн көрген.
Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығы «Орда FМ» радиосында қонақта
2020 жылғы 13 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны шеңберінде «Орда FМ» республикалық радиосында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының директоры Сабит Бекмағанбетұлы Абдраимов және Олимпиада чемпионы, ЮНЕЙДС-тің Қазақстандағы «Спорт АИТВ-ға қарсы» арнайы елшісі Бақтияр Артаевтың қатысуымен тікелей эфир өтті.
Подробнее: Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығы «Орда FМ» радиосында қонақта
Жоғары медициналық колледжде семинар өткізілді
2020 жылғы 14 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК конференц-залында бірінші курс студенттері үшін, АИТВ жұқпасы мен нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ZOOM платформасы арқылы онлайн семинар өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жаңартылған билбордтар орнатылды
2020 жылдың 5 қазанынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жаңартылған билбордтар орнатылды.
Нұр-Сұлтан қаласында «Отбасы-бақыт мекені» апталығына арналған іс-шаралар
2020 жылғы 14-21 қыркүйек аралығында «Отбасы - бақыт мекені» республикалық апталығы шеңберінде ЖИТС орталығының мамандары «Видергебурт» немістер қоғамы, «SOS балалар ауылы» қоғамдық ұйымдарында және Нұр-Сұлтан қаласының «Техникалық колледжі» МКҚК іс-шаралар өткізді.
Подробнее: Нұр-Сұлтан қаласында «Отбасы-бақыт мекені» апталығына арналған іс-шаралар