Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО МӘМС-ті түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасуда
2020 жылғы 11 және 25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС Орталығының мамандары елордалық халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындарға МӘМС жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Подробнее: Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО МӘМС-ті түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасуда
Нұр-Сұлтан қаласына «APMG Health» сапары
2020 жылғы 24 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығына ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу Жаһандық қормен жасалған келісім-шарт аясында, Қазақстанда АИТВ және туберкулез бойынша ұлттық бағдарламаларды сыртқы бағалауды өткізу бойынша екі күндік сапармен «APMG Health» мамандары келді.
Полиция департаментімен ведомствоаралық жиын өтті
2020 жылдың 20 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ЖИТС орталығы базасында АИТВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен ведомствоаралық жиын ұйымдастырылды.
Подробнее: Полиция департаментімен ведомствоаралық жиын өтті
Нұр-Сұлтан қаласында ҮЕҰ өкілдерімен кеңес өтті
2020 жылдың 18 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында «Болашаққа қадам» ҚҚ, «Human Health Institute» ҚБ, «Жария «халықаралық орталығы» ҚҚ және «Жизнь вопреки» үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен кеңес өтті. Жиналыста қатысушылар халықтың негізгі топтарының арасында жүргізілетін алдын алу шараларын іске асыру бойынша, қалыптасқан проблемалық мәселелерді, сондай-ақ 90-90-90 мақсатына жету шараларын талқылады.
Нұр-Сұлтан қаласында еріктілердің фронт-кеңсесінің ашылуы
2020 жылдың 12 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында еріктілердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер жылы аясында республикалық фронт-кеңсесін ресми түрде іске қосты. Фронт-кеңсенің ашылу барысында «QAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформаның, сондай-ақ волонтерлықтың 7 салалық бағыттары бойынша: «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Salyq» алаңдарының жұмысы таныстырылды.
Подробнее: Нұр-Сұлтан қаласында еріктілердің фронт-кеңсесінің ашылуы