Әскери қызметшілеріне арналған дәріс
№ 25745, № 23366 және № 01785 әскери бөлімдердің қызметшілері мен жұмыскерлері дәрісті тыңдап, АИТВ-инфекциясының алдын алуға қатысты сұрақтарға жауап алды.
Мектептердегі АИТВ туралы дәрістер
Астана қаласының АИТВ инфекциясы орталығының мамандары № № 81, 92 және 102 мектеп-гимназияларында АИТВ-ның алдын алу тақырыбына арналған дәрістер ұйымдастырды.
Ханшатырда акция
2024 жылғы 9 желтоқсанда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Хан Шатыр»сауда-ойын-сауық орталығында «Астана медицина университеті» КЕАҚ жанындағы академик Е. Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ салауатты өмір салты орталығы АИТВинфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Өз АИТВ-статусынды біл» акциясы өткізілді.
Жастар денсаулығы орталығымен бірлескен АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс
Желтоқсан айында № 78 және № 83 мектеп-гимназияларында № 15 қалалық емхананың Жастар денсаулық кабинетімен бірлесіп АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында өтті. Биылғы жылы науқан ЮНЭЙДС ұраны: «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге».
Esil University Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне арналған акциясы
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция Астанада Esil University студенттері үшін 2025 жылғы 8 желтоқсанда «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен өтті. Іс-шара Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығының вице-президенті М.Сауранбаеваның және «Шеврон» компаниясының үйлестіруші М. Кенжебаеваның қатысуымен ұйымдастырылды












