Жасөспірімдерге арналған дәріс: АИТВ туралы не білемін
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Астана қаласы білім басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспары аясында 9-11 сынып оқушылары арасында № 28 мектеп-лицейінде дәріс өткізді. Іс-шара өскелең жастардың АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Жасөспірімдер АИТВ туралы не білуі керек
№ 75 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Ақмарал Жаманова АИТВ-ның алдын алу бойынша танымдық дәріс өткізді.
АИТВ туралы ақпарат әрқашан өзекті
Оқушылардың АИТВ инфекциясы туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында № 71 лицейінде жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараны Астана қаласы АИТВинфекциясы орталығының дәрігер-эпидемиологы Жанна Бекетова өткізді.
№ 73 мектеп-лицейінде танымдық дәріс өтті
2025 жылғы 17 желтоқсанда Астана қаласының № 73 мектеп-лицейінің базасында жоғары сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша танымдық дәріс өткізілді. Іс-шараны қалалық АИТВинфекциясының алдын алу орталығы ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Орталықта Тәуелсіздік күннің 34 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Жүргізушілер өз сөздерінде 1991 жылғы 16 желтоқсандағы тарихи маңыздылығын ел тарихындағы бостандықтың, бірліктің және ұлттық жаңғырудың символына айналған тағдырлы кезең ретінде атап өтті.












