Астана қаласында ЖИТС құрбандарын еске алу күніне арналған «Ұмытпа, есіңде сақта!» акциясы өтті
2017 жылғы 16 мамырда Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Қазақ технология және бизнес Университетімен және «Болашаққа қадам» ҚҚ-мен бірлесіп, Халықаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай «Ұмытпа, есіңде сақта!» атты акциясын өткізді.
2017 жылғы 21 сәуірде Астана қаласының ЖИТС орталығы мамандары Кәсіпкерлер палатасында дөңгелек үстел өткізді
21.04.2017 ж. Астана қаласының Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде ЖИТС орталығының мамандары дөңгелек үстел өткізіп, кездесуде Дүниежүзілік экономикалық форумның ЖБИ-дың индикаторлары бойынша ірі және орта бизнес басшыларының ақпараттандыру деңгейін арттыру сұрақтары қаралды.
Астана қаласының ІІД-мен ведомствоаралық мәжілісі өтті
2017 жылы 20 сәуірде Астана қаласының ЖИТС орталығында Астана қаласының Ішкі істер департаментімен ведомствоаралық мәжіліс өтті. Мәжіліске ЖИТС орталығының мамандары, ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Криминалдық полиция басқармасы, Көші-қон қызметі басқармасы, жергілікті полиция, қабылдап тарату қызметі, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және медициналық көмек көрсету қызметінің өкілдері қатысты.