Астана қаласында кәсіпкерлер Палатасы мен ЖИТС орталығының бірлескен кеңесі өтті
2017 жылғы 03 наурызда Астана қаласының Аймақтық кәсіпкерлер Палатасында ЖИТС орталығымен бірлескен кеңесі өтті. Кеңес барысында бизнес-құрылымы өкілдері арасында жүргізілген ақпараттық жұмыстың 2016 жылғы нәтижелері мен АИТВ-инфекциясы индикаторы бойынша Бүкіләлемдік экономикалық форумның жыл сайынғы есебі талқыланды.
1 наурыз - " Нөл кемсітушілік " күні
2017 жылғы 1 наурыз - «Нөлдік кемсітушілік» күніне орай, ЮНЭЙДС - жаңа жаһандық науқан туралы ақпаратты ұсынды. Биылғы жылы «Нөл кемсітушілік» күнін атап өте келе, ЮНЭЙДС медициналық мекемелерде кемсітушілікті толығымен жою қажеттілігіне баса назар аударады, себебі бұл ЖИТС індетін 2030 жылға дейін тоқтату жолындағы негізгі кезеңдердің бірі болып табылады.
АИТВ бойынша педагогтарға арналған тренингтер
2017 жылдың ақпанның 9 және 10 күндері Астана қаласы ЖИТС орталығымен бірлескен меморандум аясында педагогтардың біліктілігін арттыру "Өрлеу" институтының базасында "АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша жоғары сыныптарда сабақтарды өткізу түрлері мен әдістері" тақырыбына арналған мектеп мұғалімдері үшін тренингтер өтті.