Әскери полиция отряды қызметкерлері үшін семинар өткізілді
21.06.2016 жылы Астана қаласы әкімдігінің "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" МКҚК мамандары АИТВ инфекциясына тестілеуді кеңейтуге бағытталған Компаниясы аясында Әскери полиция отряды қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселесі бойынша семинар өткізді.
2016 жылғы 9 маусымда «Оқушылар сарайында» акция өткізілді
2016 жылғы 9 маусымда «Оқушылар сарайында» өткізілген «Колледж түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» атты жалпы қалалық ісшарада ЖИТС ҚО мамандары кәсіпкерлер палатасы мамандарымен бірлесіп, Астана қаласының 34 колледжінің түлектері арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөнінде акция өткізді.
Астана қаласының ЖИТС орталығында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС мен Жастар денсаулық орталығымен бірлескен отырыс өтті
2016 жылғы 26 мамырда ЖИТС орталығы базасында Астана қаласының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС мен Жастар денсаулық орталығы АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірлескен отырыс өткізілді.