Менеджмент және бизнес колледжінде акция өткізілді
2016 жылғы 7 сәуірде Менеджмент және бизнес колледжінде АИТВ-инфекциясын тестілеуді кеңейту кампаниясын жүзеге асыру аясында Астана қаласындағы ЖИТС қалалық орталығы мамандары дәрігер-эпидемиолог А.С.Жанузакова, педагог А.Т.Нурмагамбетова және мейірбике М.А.Комалбекова акция өткізді.
Назарбаев университетінің сарапшылары әріптестік меморандумға қол қойды
2016-2019 жылдарға жоспарланған Еліміздегі салауатты өмір салтын нығайтуға арналған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасының негізінде Астана қалалық СПИДке қарсы күрес орталығы мен Назарбаев атындағы Университеті арасында әріптестік меморандум жасалды.
«Аружан» СОСО-ның қызметкерлеріне семинар өткізілді
2016 жылы 1 және 4 сәуірде ЖИТС орталығының мамандары С.Р. Мауленбергенова мен К.Б. Арыстанбекова «Аружан» сауда және ойын сауық орталығының әкімшілігі мен қызметкерлеріне «АИТВ жұқпасының берілу жолдары. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында семинар өткізді.
«Сарыарқа» СОСО-ның қызметкерлеріне дәріс өткізілді
2016 жылы 31 наурызда ЖИТС орталығының мамандары Д.Т. Бексұлтанова мен С.Р. Мауленбергенова «Сарыарқа» сауда және ойын сауық орталығының қызметкерлеріне « АИТВ жұқпасының берілу жолдары. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбында дәріс өткізді.
«Зеленстрой» АҚ-да семинарлар өткізілді
2016 жылы 17,25,28,30 наурызда және 1 сәуірде ЖИТС орталығының мамандары Мауленбергенова С.Р. мен Арыстанбекова К.Б Сарыарка, Алматы және Есіл аудандарының Астана «Зеленстрой» АҚ ұйымының басшылары мен жұмысшылары арасында Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ жұқпасының алдын алу жайлы семинарлар өткізді.