Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бастамасымен «Нұр-Әлем» ЭКСПО ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды. Бұл осыдан 40 жыл астам ЖИТС-пен күресудің символы ретінде таңдалған қызыл түсті таспа бүкіл әлемде АИТВ індетінен зардап шеккен адамдарға қолдау мен ынтымақтастықтың тұрақты символына айналды.
Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде әлемде Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні өтеді. Бұл іс-шараның мақсаты - қоғамға АИТВ-мен байланысты стигманың алдын алу және жеңудің маңыздылығын еске салу.
Астана қаласында «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні және Репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Астана медицина университеті» КЕАҚ СӨС орталығымен бірлесіп елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған акция өткізілді.
Қазақстанда 2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында жүріп жатқан репродуктивті денсаулық апталығы және Астана қаласы бойынша Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог-дәрігері А.А. Идрисова «Жастар» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп № 77 мектеп гимназияларының жоғары сынып оқушыларына ақпараттық-білім беру дәрісін өткізді. Дәрістің тақырыбы АИТВ-инфекциясының, ЖЖБИ-дың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтауға қатысты мәселелер болды.











