Елордада Халықаралық мейіргерлер күніне арналған іс-шара жалғасуда. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ә.Ш. Әлназарова «Мейіргерлік қызметтің дамуының инновациялары мен келешегі» форумының ашылуында сөз сөйлеп, соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргерлердің рөлі едәуір артып, функционалдығын кеңейтіп, өкілеттіктерін бере отырып, мейіргерлер медициналық көмек көрсетудің ажырамас бөлігіне айналды» ‒ деп атап өтті.
Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні мен репродуктивті денсаулық апталығы аясында № 3 ҚАЖД мекемесінде сотталғандар мен жеке құрамға арналған ақпараттық-ағартушылық дәріс өтті. Іс-шара АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының өкілі-дәрігер-эпидемиолог А.И.Жаманованың қатысуымен ұйымдастырылды.
Елордада Репродуктивті денсаулық апталығы жалғасуда. 2025 жылдың 15 мамырында «Астана медицина университеті» КЕАҚ студенттері мен оқытушылары үшін «Жастардың репродуктивті денсаулығы және АИТВ-инфекциясының алдын алу» атты ауқымды семинар өтті. Күн тәртібінде: қоғамдық денсаулықтың маңызды бөлігі – репродуктивті денсаулық.
Мейіргерлердің кәсіби мерекесіне орай 2025 жылғы 14-15 мамыр аралығында Түркістан қаласында Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарованың қатысуымен«Мейіргерлік қызметтің дамуының инновациялары мен келешегі» атты Халықаралық форумы өтуде.











