Бүгін, 07 тамыз, құқықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары аясында «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС мамандары И. Бердалиевпен және М. Қайдармен кездесу өтті.
02.08.2023 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Кенебаева Алмагүл Еркінқызының қатысуымен семинар өтті.
Достық кабинетте сіз АИТВ-инфекциясы, ЖЖБИ (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар), қорғаныс шаралары туралы ақпарат ала аласыз, АИТВ және ЖЖБИ-ге ерікті және құпия түрде тестілеуден өтіп, байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ала аласыз.
Енді Брусиловский көшесі 4 үйде орналасқан Достық кабинеті әр сенбі сайын сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Қазақстан Республикасы көптеген шетелдік мигранттарды қабылдайтын елдердің бірі болып табылады, бұл ретте АИТВ-ның оң мәртебесі бар шетелдік азаматтар елден шығарылмайды. 2011 жылдан бастап АИТВ-инфекциясы Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салатын аурулар тізбесінен алынып тасталды.