Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Астана қаласының «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» «Астана медицина университеті» КЕАҚ-мен бірлесіп, 2023 жылғы 27-29 қараша аралығында АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған үздік ұранға конкурс жариялады.
2023 жылдың 1 желтоқсанында «SHALQAR» радиосының «Жандауа» бағдарламасында тікелей эфирде «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні» тақырыбында сұхбат өтті.
Айта кетейік, Астана қаласы атаулы күнге орай, ЮНЭЙДС-тің «Көшбасшылық - қоғамдастықтарға» атты Дүниежүзілік науқанына қосылған болатын.
🎯 Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні туралы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Канат Аскаров брифинг өткізді.