2022 жылғы 23 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын-алу және оған қарсы күрес орталығында ҚАЖД өкілдерімен 2021 жылда бірлескен жұмыстың қорытындылары бойынша ведомствоаралық кездесуі өткізілді.
21 ақпан 2022 жылы ЖИТС орталығына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Нұрманбетова Жамиля Нүсіпжанқызы және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Павловец Лариса Павловна қызметтік кездесуге келді.Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, «Тұран-Астана» университетінің ректоры Джапарова Гүлжамал Әлкенқызы және «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағлан Ауғанбайқызы Әлімғазинамен кездесу өтті.
2022 жылдың 18 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында «Human Health Institute» ҚБ, «Шаг в будущее» ҚҚ және «Жизнь вопреки» үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен кеңес өтті.
2022 жылдың 11 ақпанында ЖИТС орталығында 2021 жылдың қорытындысы және 2022 жылға қойылған басым мақсаттарды анықтау бойынша Медициналық кеңес өтті.