Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы халықтың негізгі топтары арасында (бұдан әрі-ХНТ) АИТВ - инфекциясының таралуына эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі – ЭСР) жүргізеді, бұл профилактикалық бағдарламаларды жоспарлау, орындау және мониторингтеу үшін қажетті АИТВ-инфекциясының таралуы туралы эпидемиологиялық ақпаратты жинау, талдау және тарату жүйесін білдіреді.
2022 жылғы 18-19 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Мықты отбасы - есірткіден алшақ» акциясына қатысып, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу өткізді.
2022 жылғы 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК ДДСҰ материалдарын пайдала отырып, медициналық қызметкерлермен маймыл шешегі вирусынан туындаған инфекцияның эпидемиологиясы, клиникасы және диагностикасы бойынша семинар сабағы өткізілді.