2022 жылғы 30 қарашада Астана қаласының №5 емханасында АИТВ - инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері «Шуақ» жастар денсаулық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп Ашық есік күнін өткізді.
2022 жылғы 29 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Шабыт» ҚазҰӨУ және Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, ЖОО студенттері үшін «Теңдік уақыты!» кең ауқымды акциясы өткізілді.
2022 жылғы 29 қарашада Астана қаласының Орталық базарында «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының» дәрігерлері Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында базар қызметкерлері мен елорда тұрғындары үшін акция өткізді.
2022 жылғы 28 қарашада елордалық «Керуен» СОО келушілеріне арналған экспресс-тестілеу бойынша акция өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырды. Акциялар Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында 2022 жылдың 21 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өтуде.