2023 жылғы 30 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Хан Шатыр» сауда ойын сауық орталығында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерімен бірлесіп «Көшбасшылық– қауымдастықтарға» акциясын өткізді.
2023 жылғы 30 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндік аясында «Шаг в будущее» ҚҚ, «Жас толқын» ЖДО-мен бірлесіп, Астана қаласының менеджмент, бизнес және білім колледжінде «Жастар салауатты өмір салты үшін! ЖИТСке- жол жоқ!» ұранымен байқау өтті.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында, 2023 жылдың 30 қарашасында ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери – патриоттық орталығында семинар өтті.
29.11.2023 ж. Астана қаласында ЖИТС - пен күрес жөніндегі Дүниежүзілік науқанның іс-шараларының жалғасы ретінде «ГросФарм» ЖШС мен «Dolce» ЖШС серіктестердің қолдауымен АИТВ-инфекциясы бойынша мәселелерді жариялауға белсенді қатысқан БАҚ қызметкерлері марапатталды.