2021 жылдың 11 ақпанында ЖИТС орталығында 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға қойылған басым мақсаттарды анықтау бойынша Медициналық кеңес өтті.
2021 жылдың 08 - 09 ақпан аралығында ЖИТС орталығының маманы «Астана Теплотранзит» АҚ, «К-ДорСтрой» АҚ, «Мехколонна 56» ЖШС кәсіпорындарының қызметкерлеріне дәрістер өткізді.
2021 жылғы 03-05 ақпан аралығында ЖИТС орталығының мамандары «№1 және №5 автобус парктері» АҚ, «Астана Су Арнасы» АҚ кәсіпорындарының қызметкерлеріне дәрістер өткізді.
2021 жылғы 29 қаңтарда «Шалқар» радиосының «Жандауа» бағдарламасында «СOVID-19 пандемиясы кезінде АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдар қалай сақтандырылған», - деген тақырыпта тікелей эфирде ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқымен әңгіме болды.