27.01.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы медицина қызметкерлерін даярлау және оқыту шеңберінде республикалық маңызы бар медициналық ұйымдардың, ұлттық ғылыми орталықтардың және Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ұйымдардың эпидемиологтары мен АИТВ мәселелері бойынша жауапты медицина қызметкерлеріне арналған онлайн-семинар өткізді. Семинардың негізгі тақырыбы Денсаулық сақтау министрлігінің АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жаңадан қабылданған бұйрықтарының талаптарымен танысу болып табылады.
2020 жылғы 16-22 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өтті.
2020 жылдың 20 қарашасында «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен жүргізілген науқанды жалғастыру үшін Нұр-Сұлтан ЖИТС Орталығында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға арналған азық-түлік жиынтықтарын таратылуы өтті. Бұл көмек ЖИТС орталығында есепте тұрған ең мұқтаж 20 науқасқа ұйымдастырылды.
Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері арасында «Өнер АИТВ-ға қарсы» үздік бейнеролик байқауы өтті. Ұйымдастырушылар: Қазақ ұлттық өнер университеті, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы.