2020 жылдың 15 қаңтарында «Болашаққа қадам» акциясы аясында ЖИТС орталығының дәрігерлері Сарыарқа ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының және Нұр-Сұлтан қ. №2 қалалық емханасының мамандарымен бірлесе отырып, «Әсем» базарында базар қызметкерлері мен елорда тұрғындары үшін акция өткізді.
2020 жылғы 13 қаңтарда денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен салалық жол карталарын орындау бойынша медициналық ұйымдар басшыларының есептерін тыңдау шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Д. Кисикова Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымымен кездесті.
2020 жылдың 10 қаңтарындаЖИТС орталығының мамандары «Бейбітшілік және келісім сарайы» МКҚК қызметкерлері арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2020 жылдың 8 қаңтарындаЖИТС орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының келушілеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.