2020 жылғы 27 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын-алу және оған қарсы күрес орталығында ҚАЖД өкілдерімен 2019 жылда бірлескен жұмыстың қорытындылары бойынша ведомствоаралық кездесуі өткізілді.
2020 жылғы 11 және 25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС Орталығының мамандары елордалық халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындарға МӘМС жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
2020 жылғы 24 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығына ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу Жаһандық қормен жасалған келісім-шарт аясында, Қазақстанда АИТВ және туберкулез бойынша ұлттық бағдарламаларды сыртқы бағалауды өткізу бойынша екі күндік сапармен «APMG Health» мамандары келді.
2020 жылдың 20 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ЖИТС орталығы базасында АИТВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен ведомствоаралық жиын ұйымдастырылды.