Студенттер АИТВ-инфекциясының алдын алу және АИТВ-ға уақтылы тестілеудің маңыздылығы туралы көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білді. Осы орайда, Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған студенттермен диалогтық кездесу өтті. Іс-шараны Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А.А. Идрисова өткізді.

WhatsApp Image 2025 10 07 at 17.28.15

Қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының маманы А. Жаманова Дулат Бабатайұлы атындағы № 89 мектеп-лицейінің оқушыларына «АИТВ – инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.

WhatsApp Image 2025 10 07 at 15.18.49 3

АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру мақсатында Астана қаласының № 5 және 11 орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына дәріс өткізілді.

      Оқушыларға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары және қандай жолмен берілу мүмкіндігінің туралы айтылды.

WhatsApp Image 2025 10 06 at 09.34.53 1

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы № 72 мектеп-гимназиясында 10-11 сынып оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді.

WhatsApp Image 2025 10 02 at 15.07.49

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары жастар мен халықтың негізгі топтары арасында АИТВ диагностикасы мен алдын алу мәселелері бойынша консультативтік-әдістемелік көмек аясында Астана қаласы әкімдігінің № 6 қалалық емханасы жанынан ашылған «Жас талап» ЖДО-на арнайы келді.

WhatsApp Image 2025 10 02 at 14.26.31