Аутрич қызметкерлерімен жұмыс кездесуі
АИТВ-ға қарсы профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ алдын-алу және халықтың негізгі топтарының(ХНТ) медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру мақсатында АИТВ-инфекциясының алдын-алу орталығы директорының орынбасары С.Б.Мусинаның және профилактика бөлімінің өкілдерінің қатысуымен аутрич-қызметкерлермен жұмыс кездесуі өткізілді.
АИТВ -ның алдын алу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек
2025 жылғы 23 шілдеде Астана қаласы әкімдігінің «№9 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да АИТВ инфекциясының алдын алу қалалық орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Бақыт Құлтанова мен эпидемиолог-дәрігер Айжан Жайлаубаева АИТВ инфекциясының алдын алу және диагностикалау мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті.
Астанада жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексеру мәселелері бойынша семинар-жиналыс өтті
Астана қаласы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы 17 шілде 2025 жылы жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексеру мониторингі мен бақылауына жауапты медициналық ұйымдардың өкілдерімен семинар-жиналыс өткізді.
Әскери қызметшілермен дәріс
Жоспарлы ақпараттық-ағарту жұмысы аясында № 5570, № 5573 әскери бөлімінде АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Ж.К.Бекетова дәріс жүргізді.
Автобус паркінің қызметкерлері АИТВ туралы білімдерін арттырды
Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының профилактика бөлімінің маманы «№ 1 Автобус паркі» АҚ қызметкерлеріне «Еңбек саласындағы АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.