2025 жылғы 5 желтоқсанда «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ДүниежүзілікЖИТС-пен күрес ақпараттық науқаны аясында, Астана қаласының АИТВинфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Жанна Айтмағанбетқызы «SHALQAR» республикалық радиосының «Жандауа» бағдарламасында тікелей эфирде сөз сөйледі.

WhatsApp Image 2025 12 05 at 14.38.31 1

   2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана қаласы бойынша ҚАЖД № 64 мекемесінде «Пенитенциарлық жүйеде АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға мекеме қызметкерлері мен арнайы контингент қатысты, олар үшін АИТВ туралы хабардарлықты арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған дәріс ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025 12 05 at 11.31.56

2025 жылғы 3 желтоқсанда Астана қаласының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары № 103 орта мектеп пен №78 мектеп-гимназияның 9-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған республикалық ақпараттық науқан аясында ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025 12 04 at 10.56.32 2

    1 желтоқсанда Астанада ірі медиа қасбеттерде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпарат таратылды. Іс-шараның бастамашысы Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қалалық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы болды.

WhatsApp Image 2025 12 03 at 14.12.37

     2025 жылғы 2 желтоқсанда «Наз» мемлекеттік би театрында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай шығармашылық кеш өтті. Мақсаты ‒ халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, алдын алу мәдениетін дамыту және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау.

WhatsApp Image 2025 12 03 at 11.36.20