19.09.2024 жылы Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында АИТВ-инфекциясы және халықтың негізгі топтар үшін байланысқа дейінгі профилактика мәселелері бойынша аутрич-қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында аутрич-қызметкерлермен БДП бағдарламасының қағидалары және АИТВ-ның жыныстық жолмен таралу деңгейін төмендету аясындағы алдын алу іс-шаралар бойынша аутрич-қызметкерлер үшін оқыту семинары өткізілді.

WhatsApp Image 2024 09 19 at 16.18.23

      Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары 2024 жылдың 1-23 тамызы аралығында ТОО «Алтамир-КТ», КФ «Сауда-көтерме көрмесі», «Word class», «Pride» фитнес орталықтарында, «Жаннур», «Встреча» сауда үйлерінде, «Рамада»  қонақ үйінде дәріс оқыды.

Безымянный78962125

2024 жылдың 21 тамызында КМПА-мен (Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастық) бірлесе отырып, АИТВ орталығының мамандары Астана қаласының Жастар денсаулық орталықтарының өкілдерімен семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты – осы мекемелердің қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу, оның ішінде байланысқа дейінгі профилактика туралы негізгі білімдерін арттыру арқылы Жастар денсаулық орталықтарында жасөспірімдерге, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және халықтың негізгі топтарына көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру болып табылады.230824

2024 жылғы 15-16 тамызда Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына Йель Медицина Мектебінің Стен Вермунд профессоры және «Назарбаев Университеті» Медицина Мектебінің докторы, профессоры Сайед Әли достық сапармен келді.

2

          2024 жылғы 2 тамызда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына жоспарлы жұмыс сапарымен Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Ш. Рүстемова және басшының орынбасары А. С. Төлеуова келді. Сапар барысында басшы диагностикалық зертхананың жұмысымен танысты. Зертхана 2023 жылы жаңа медициналық автоматтандырылған жабдықтармен жабдықталды, бұл зертханалық қызметтердің өнімділігі мен сапасын арттырды, сонымен қатар зертханалық зерттеулердің орындалу мерзімін 90 минуттан 15 минутқа дейін қысқартты. 

Безымянный