2024 жылғы 23 шілдеде «СТОП гепатит!» Дүниежүзілік вирустық гепатитке қарсы күрес күніне орай «Арсенал» ойын - сауық орталығында Астана қаласының № 3 емханасы, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы және «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының қатысуымен бірлесіп «Денсаулық қалашығы» акциясы ұйымдастырылды, сондай-ақ терапевт, аллерголог, хирург, психолог дәрігерлерінің қабылдауы, эпидемиологтың кеңес беруі ұйымдастырылды, сонымен бірге АИТВ-ға экспресс-тест жүргізілді.

 

WhatsApp Image 2024 07 24 at 12.33.48

Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы қала тұрғындары арасында тұрақты түрде АИТВ-инфекцияның алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді. 2024 жылдың 01-23 шілдесі аралығында «Мәңгілік Ел құрылыс» ЖШС, «Aibat Construction» ЖШС, «KAZBULD PRO» ЖШС, «С.Е.Сагандыкова ЖК», «Исламхан ЖК», «О.А.Дусанов ЖК», «Дион дүкені», «Хлебник дүкені»,  «B-5 қонақ үйі» орта және кіші бизнес қызметкерлеріне дәрістері өткізілді. 

 

WhatsApp Image 2024 07 24 at 09.02.32

2024 жылдың маусым айында ҚР Қорғаныс министрлігінің №5570; 5573; 29 990  әскери бөлімдерінде «АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбы бойынша семинар-дәрістер өтті. 

 

WhatsApp Image 2024 07 04 at 11.33.42

    2024 жылғы 03-17 маусым аралығында орта бизнес қызметкерлері үшін «Татым ЖШС», «Лысеев ЖК», «Мехколонна-56 ЖШС», «NAK Development», «Нур Астана Курылыс ЖШС», «Livestments ЖШС», «NAK Constructor ЖШС» дәрістер өткізілді.

НАК комп

 Астана қаласында емханалар жанындағы жастар орталықтары, психикалық денсаулық орталығы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, полиция департаменті және көліктегі прокуратураның қатысуымен Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен «Право» қоғамдық қоры акциясының маусымы ашылды. «Астана есірткісіз қала» акциясына арналған (Әлеуметтік бюро) көшпелі іс-шара «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында өткізіліп, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін бағалы сыйлықтармен ұтыс ойыны өткізілді.

fd4f7f50 dde3 4146 bdc2 befac8538190