2024 жылғы 4-8 қараша аралығына Қарақалпақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы өкілдерінің Астана қаласына сапары жоспарланған. Сапардың мақсаты ЮНЕЙДС «95-95-95» стратегиясының индикаторларына қол жеткізу, Астана қаласының тұрғындары арасында АИТВ-ның алдын алуға бағытталған қызметтерді кеңейту бойынша тәжірибені зерделеу.

WhatsApp Image 2024 11 05 at 16.09.51

    Курсанттардың АИТВ инфекциясы мен тиісті алдын алу шаралары туралы ақпараттылығын арттыру мақсатында АИТВ орталығының маманы Ж.К.Бекетова ҚР Ұлттық Гвардиялық Бас қолбасшылығының және Әскери медициналық басқармасының курсанттарына дәріс өткізді.

111 1

 2024 жылғы 1 қарашада «SHALQAR» радиосының тікелей эфирінде өткен «Жандауа» бағдарламасында «2024 жылдың 9 айындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдай» және «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні» тақырыбында сұхбат өтті.

1 1

   Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес компаниясы қарсаңында Астана қаласындағы №22 мектеп-гимназияда «Балалардың диструктивті мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

WhatsApp Image 2024 11 04 at 15.32.00 11zon

     2024 жылғы 31 қазанда АИТВ-инфекциясы орталығының эпидемиолог дәрігері Ж. К. Бекетова «SOS Астана балалар ауылы» ДББМ-ның 15 жасқа толған және одан жоғары жастағы тәрбиеленушілері арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2024 11 01 at 08.54.44