Астана қаласының № 64 мектеп-лицейінде № 7 қалалық емхананың жастар денсаулық кабинетімен бірлесіп АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша «Ақпараттандырылған-қорғалған дегенді білдіреді» атты ақпараттық дәріс өткізілді. Іс-шараны қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының дәрігер-эпидемиологы Ж.К. Бекетова өткізді.
2025 жылғы 9–10 қазан күндері Шейх Халифа бен Заид әл-Нахайян атындағы №84 мектепте және №96 мектеп-гимназияда жоғары сынып оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық дәрістер өткізілді.
2025 жылғы 24 қазанда Республика күні қарсаңында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында салтанатты жиналыс өтті. Орталық директорының міндетін атқарушы Денис Панченко 25 қазан – Мемлекет басшысының бастамасымен ұлттық мереке мәртебесін алған еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі екенін атап өтті.










