Жасөспірімдер АИТВ туралы не білуі керек?АИТВ-инфекциясының таралуы және елдер арасындағы ашық шекаралар жағдайында бүгінгі таңда жасөспірімдер мен жастардың АИТВ туралы білімі өте өзекті. Осы мақсатта, бүгін, 11 қыркүйекте дәріс қатысушылары - 62 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманынан АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы көп нәрсе білді.

WhatsApp Image 2025 09 15 at 08.57.02 1

    2025 жылғы 10 қыркүйек Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы А.И. Жаманова ҚАЖД № 64 мекеменің жеке құрамы мен арнайы контингент үшін «Пенитенциарлық жүйеде АИТВ-инфекциясының алдын алу» семинарын өткізді. Дәрігер АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғау шаралары, елордадағы эпидемиологиялық жағдайымен, сондай-ақ қатысушыларды АИТВ-инфекциясына тексерілу ережелерімен таныстырып, уақытылы емдеудің, тестілеудің маңыздылығын атап өтті. 

WhatsApp Image 2025 09 10 at 10.03.10

  09.09.2025 ж. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің эпидемиологдәрігері Жакупова Б.Р., «ONEGE Емдеу» ЖШС медицина қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.   

WhatsApp Image 2025 09 11 at 10.07.06

Астана қаласының №7 және №8 қалалық емханаларында 2025 жылы 09-10 қыркүйек аралығында медициналық қызметкерлерге АИТВ инфекциясының алдын алу, әрекеттегі нормативті құқықты актілері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетіліп, соңынан семинар өткізілді.

WhatsApp Image 2025 09 11 at 15.53.39