1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы «Жизнь вопреки» қоғамдық қорының қолдауымен балаларға арналған қайырымдылық іс-шара өткізді.

WhatsApp Image 2025 06 02 at 15.05.01

Астанада, «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК-да Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Білім басқармасы арасындағы іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Шаг в будущее» қоғамдық қорымен және Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-мен бірлесіп ұйымдастырылған білім беру ұйымдарының психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған екі күндік оқыту семинар-тренингі өтті.

.

WhatsApp Image 2025 06 02 at 10.26.19

2025 жылғы 26 мамырда Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығының қолдауымен «АИТВ-ның алдын алу және АИТВмен өмір сүретін адамдардың стигмасы мен кемсітушілік мәселелері» тақырыбында БАҚ журналистері мен медициналық ұйымдардың баспасөз хатшылары үшін онлайн-тренинг өткізілді.

WhatsApp Image 2025 05 26 at 16.10.28

Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бастамасымен «Нұр-Әлем» ЭКСПО ғимараты қызыл түспен жарықтандырылды. Бұл осыдан 40 жыл астам ЖИТС-пен күресудің символы ретінде таңдалған қызыл түсті таспа бүкіл әлемде АИТВ індетінен зардап шеккен адамдарға қолдау мен ынтымақтастықтың тұрақты символына айналды.

WhatsApp_Image_2025-05-19_at_15.15.26.jpg