Астана қаласы әкімдігінің АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының Профилактика бөлімінің мамандары Білім басқармасымен, Жастар денсаулық орталықтарымен бірлесіп, жалпы білім беретін мектептердің 10-11 № № 28, 64, 76, 77, 78, 92, 103, 101 мектептердің, Қадыр Мырза Ата атындағы «Бином» мектеп-лицейінің оқушыларымен дәрістер өткізді. Дәріске қатысқан 2100 оқушыға АИТВ-инфекциясы туралы ақпарат берілді.
2024 жылғы 10 желтоқсанда Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау, Білім басқармалары мен Полиция департаменті арасындағы үшжақты іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары дәрігер-эпидемиолог А.А. Идрисова, дәрігер-психотерапевт А.К.Ережеп «Алматы» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп - полиция майоры, тергеу бөлімінің аға тергеушісі Д. С. Қарабаева мен тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Д. Д. Бекенов, № 22 мектеп-гимназиясында ата-аналармен кездесу өткізді. Іс-шара ата-аналарды тәрбие және білім беру процессіне тартуға бағытталған. Кездесуде әрбір отбасы үшін жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың және АИТВ-инфекциясының алдын алу сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды.
2024 жылғы 6-10 желтоқсан аралығында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жастардың хабардарлығын арттыру мақсатында қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының, «Жас толқын» және «Аstana clinic» жастар денсаулық орталықтарының мамандары Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің студенттерімен кездесті.
2024 жылғы 6 желтоқсанда «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған шараларды іске асыру туралы» Жол картасын іске асыру шеңберінде АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында «АИТВ-инфекциясы: профилактика, диагностика, емдеу. АИТВ-инфекциясы кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру принциптері, АИТВ-мен байланысты аурулары бар пациенттерді жүргізу. ХНТ мен АӨСА стигмасы мен кемсітушілік мәселелері». Семинарға емханалар терапевттері, ЖТД, акушер-гинекологтары және психологтары қатысты. Семинар-тренинг бағдарламасында АИТВ-ға тексеруге клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер, АИТВ-инфекциясы мен қосымша аурулар клиникасы мен емі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген АИТВ-ның құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер мәселелері қаралды.