2024 жылдың 27 ақпанында Астана қаласы АИТВ орталығында АИТВ-инфекциясының эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Астана қаласы Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен ведомствоаралық кеңес ұйымдастырылды.

 

WhatsApp Image 2024 02 27 at 16.14.38

           

         

2024 жылдың ақпан айында АИТВ орталығының маманы «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығының «Галмарт» супермаркетінің, «Әлем» сауда үйінің, «Астаналық» базарының, «Капитал» БО «Ren Company» ЖШС қызметкерлеріне дәріс өткізді.

 

 галмарт керуен

           

          14.02-23.02.2024 жылдар аралығында АИТВ-инфекциясының  алдын  орталығының мамандары  «NAK Construction» ЖШС, «Development»  ЖШС,  «Investments»  ЖШС, «Нұр Астана құрылыс» ЖШС, «Астана су арнасы» МКК басшылары мен қызметкерлері үшін  «АИТВ-ның бизнеске әсері», «АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізді.

 

 IMG 20171106 WA0005

             

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК атынан Жарғы негізінде әрекет ететін директор Канат Кырғызбаевич Аскаров пен Жұмыскерлер атынан әрекет ететін өкіл (Кәсіподақ комитеті) Сәулебаев Ұлықбек Рахымжанұлы тұлғасындағы Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК жұмыскерлерінің еңбек ұжымы арасында 2024-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қол қойылды.

 

 фото 1