2024 жылдың 5-6наурызындаАстана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №3, 64 мекемесінде жеке және сотталғандар құрамы арасында «АИТВ-инфекцияны пенитенциарлық системасында алдын алу» тақырыбынабайланысты семинар өткізілді.
Егер әркімнің құқығы қорғалса, біз ЖИТС-ті тоқтата аламыз.
Әлем 2030 жылға қарай қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін ЖИТС - ті тоқтату мақсатына жетуде үлкен жетістіктерге жетті. Бұл прогресс адам құқықтарын қорғаудағы жетістіктерге байланысты болды.
28 ақпан 2024 жылы Астана қаласының «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының» конференц- залында педиатрлар және жалпы тәжірибелік дәрігерлер үшін «АИТВ-инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы. Клиникалық көрсеткіштер бойынша 14 жасқа дейінгі балаларды АИТВ-ға тексеру. АИТВ-позитивті аналардан туылған балаларда диагностика алгоритмі және тамақтануы, бақылауы және тексерілуі» атты семинар өтті.
Астана қаласының №26 мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушыларына АИТВ орталығының эпидемиолог көмекшісі Нургалиева С.Т. «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Семинар барысында Астана қаласындағы эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдарын және профилактикалық шаралары туралы айтты.Оқушыларға ақпараттық-танымалдық материалдар таратылды.