2024 жылғы 3 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Живая библиотека» жобасы аясында республикалық медицина академиясының студенттерімен кездесу өтті. Кездесуді ұйымдастырушылар АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы, «Жас толқын» жастар денсаулық орталығы және «Жизнь вопреки» ҚҚ. Кездесудің тақырыбы «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» Дүниежүзілік науқанның «Дұрыс жолды -адам құқықтарының жолын таңда!» ұранымен үндес.
«Дұрыс жолды - адам құқықтарының жолын таңда!» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «АИТВ-ға байланысты стигма жоқ» жобасы шегінде «Шеврон" ның қолдауымен Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы (КМПа) Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне форум ұйымдастырды.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында «Жизнь вопреки» қоғамдық қоры Астана қаласындағы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп «Қайырылды істер марафоны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Қайырымдылық акциясының мақсаты АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету. Алдағы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында АИТВ-мен өмір сүретін 82 отбасыға, оның ішінде 2 жасқа дейінгі перинаталдық байланысы бар 66 бала сыйлықтар табысталды.